Жаңалықтар

Байдарка мен каноэ есуден 4 медаль түсті

Байдарка мен каноэ есуден 4 медаль түсті
Фото: ©Olympic.kz/Сали САБИРОВ 02.10.2023 09:41 690

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында байдарка және каноэ есуден екі күміс, екі қола медаль бұйырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алдымен, 1000 метр қашықтыққа байдаркада есуден өнер көрсеткен Кирилл Тубаев қола жүлде еншіледі. Оның алдын Қытай және Өзбекстан спортшылары орады.

1000 метрге байдарка есу, ерлер:

1. Жанг Донг (Қытай) - 3:46
2.Шахриёр Махкамов (Өзбекстан)- 3:49
3. Кирилл Тубаев (Қазақстан)- 3:51.

Сондай-ақ 1000 метрге каноэ есуден Тимофей Емельянов те үштіктен көрінді.

1000 метрге каноэ есу, ерлер:

1.Лай Куан-Чей (Қытайлық Тайпэй) -4:15.942 
2.Владлен Денисов (Өзбекстан) -4:15.994
3. Тимофей Емельянов (Қазақстан) - 4:18.

Одан кейін Мария Бровкова мен Руфина Искакова 500 метрге жұптық каноэ есуден күміс медальды қанағат тұтты. Отандастарымыздың алдын қытайлық Олимпиада чемпиондары Шисяо Сюй мен Мэня Суньн орады.

1000 метрге жұптық каноэ есу, әйелдер:
1.Қытай - 2.01
2.Қазақстан - 2.08
3. Таиланд – 2:08.257.

Сонымен қатар тағы бір күміс 500 метрге жұптық байдарка есуден сынға түскен Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева да екінші орынға тұрақтады.

1000 метрге жұптық байдарка есу, әйелдер:

1.Қытай құрамасы – 1:49.944
2.Қазақстан құрамасы – 1:51.251
3. Өзбекстан құрамасы – 1:52.832.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға