Жаңалықтар

Баян Алагөзова кіші қызының ерекшелігі туралы айтты

Баян Алагөзова кіші қызының ерекшелігі туралы айтты
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy 27.05.2024 03:26 15183

Қазақстандық танымал продюсер, актриса әрі бизнесвумен Баян Мақсатқызы кіші қызының ерекшелігі туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сұлу, ақылды, талантты, еңбекқор, өте білімді және өте қарапайым қызым. Соңғы пункті маған аса ұнамайды, сондықтан ол уақытша деп үміттенемін. Қарапайымдылық, әрине, адамның көркі. Тек менің қызымда соңғысы тым көп. Сондықтан оның көп қабілетін біле бермейсіздер. Оның фортепианода ойнайтынын көрсеткенін қаламайды, гольф ойнағаны да керемет, бірнеше тіл білетінін, әдебиетке қызығушылығы жайлы мүлде айтқысы келмейді. Ол алдын ала өзінің тойын көрсетуге де тыйым салып қойды. Бірақ әзірге оның жігіті жоқ, - деп жазды Баян Алагөзова. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға