Жаңалықтар

Бауыржан Байбектің әйелі лауазымынан айырылды

Бауыржан Байбектің әйелі лауазымынан айырылды
Фото: Әлеуметтік желі 12.10.2023 16:30 1105

Бауыржан Байбектің әйелі Жанар Байбек елорда сотының судьясы қызметінен кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

6 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" Жарлыққа қол қойды.

Құжатта қызметінен босатылған 35 судьяның тізімі берілген. Олардың арасында елордалық сотта судья болып жұмыс істеген Жанар Байбек те бар. Жарлықта оның өз өтініші бойынша қызметінен босатылғаны атап көрсетілген. Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Ашық ақпарат көздері Жанар Байбектің Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әйелі екенін айтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға