Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда жасөспірім адам өлтірді деген күдікке ілікті

Батыс Қазақстанда жасөспірім адам өлтірді деген күдікке ілікті
Фото: polisia.kz 15.03.2023 15:27 973

Батыс Қазақстан облысында ауыл маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыстық оқиға Бәйтерек ауданы Октябрьское ауылында болған.

Таңғы уақытта ауыл шетінен 2001 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен 2003 жылы туған азамат және 2005 жылы туған кәмелетке толмаған азамат анықталып, ұсталды, - деп хабарлады БҚО ПД.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға