16 ақпаны күні сағат 06:00 уақыт шамасында Серебряков ауылы маңында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде облыс аумағында бірқатар ауыр қылмыстар жасаған 1990 және 1987 жылы туған екі азаматты ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың автокөліктерінің салонын тексеру кезінде 16 ақпанына қараған түні күдіктілер Ақжайық ауданының Ілбішін ауылынан ұрлап әкеткен бір ірі қара малдың еті, балта, арқан және 3 пышақ табылды.
Олардың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеру кезінде Ақжайық, Бәйтерек және Теректі аудандарының аумағында 2022-2023 жылдары бұрын жасалған тағы 5 мал ұрлығы фактілеріне қатыстылығы анықталды.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-1 бабы 3 бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Батыс Қазақстанда мал ұрлаумен айналысқандар ұсталды
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?