Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда ер адамның денесі табылды

Батыс Қазақстанда ер адамның денесі табылды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 04.02.2024 13:25 487

Батыс Қазақстан облысында өз үйінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 ақпан күні Бәйтерек ауданы Достық ауылында болды.

Шамамен сағат 09.00-де өз үйінен көптеген жарақатпен ер адамның мүрдесі табылды. Алынған іс-шаралардың нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде 1990 жылғы тұрғын анықталып, ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша арақ ішу барысында ер адамдар арасында жанжал шыққан, - делінген ақпаратта.  

Күдікті кінәсін мойындап, жауап берді.

Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабының тәртібімен Приурал полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдарын Приурал полиция бөлімі жүргізіп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға