Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда 2 жастағы бала кіржуғыш машинаға қыстырылып қалды

Батыс Қазақстанда 2 жастағы бала кіржуғыш машинаға қыстырылып қалды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 17.07.2023 20:21 834

Орал қаласында кіржуғыш машинаның барабанына қыстырылып қалған балақай құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ТЖД басқармасы баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, оқиға 17 шілде күні сағат 14.20-да 112 қаладағы Жүнісов көшесіндегі үйлердің бірінде болған.  

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2021 жылы туған балақайды машина барабанынан арнайы құралдардың көмегімен шығарып, ата-анасына табыстады.

Кішкентай бөбекке алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жұмыс сағат 15.00-де аяқталды, - делінген департаменттің ақпаратында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға