Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда 17 мыңнан аса адам жұмыссыз жүр

Батыс Қазақстанда 17 мыңнан аса адам жұмыссыз жүр
Фото: gov.kz 26.05.2023 12:20 507

Қазіргі таңда жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрап отыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соның ішінде жастар арасындағы 4 пайыз, NEET санатындағы жастарға арналған жұмыстар 4,9%-ды құрап отыр. Бүгін де «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы несие беру жұмыстарын бастады. Қазірдің өзінде 1,5 миллиард теңгеге өтініш қабылдап, несие беруді бастадық. Одан бөлек жастарды қолдау мақсатында 238 адамға 5 миллион теңге мөлшерінде жалпы сомасы 1 миллиард 700 миллион теңге жеңілдетілген несие береміз, - дейді облыс әкімі.

Аймақ басшысының айтуынша, 2021-2025 жылдарға арналған «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында биыл 405 адамға 1 миллион 400 мың мөлшерінде жалпы сомасы 570 миллион теңгеге жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беріледі.

Қазіргі таңда облыс деңгейінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 10 мыңнан аса адамды жұмысқа орналасқан. Соның ішіндегі 4 мыңға жуығы, яғни 40 пайызы жастар. Биылғы жылы облыста 28 мың жұмыс орнын құру жоспарланған, - дейді Нариман Төреғалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға