Жаңалықтар

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы жағдай бақылауда

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы жағдай бақылауда
Фото: ОКҚ 21.04.2024 10:32 347

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында Жайық өзенінде туындайтын су тасқынының екінші толқыны ерекше бақылауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп Республикалық ақпараттық штабта хабарлағандай, Өткен тәулікте Батыс Қазақстан облысында 81 523 қапшық және 2 770 тонна инертті материал төселді, бөгеттердің іргесін көтеру және нығайту жұмыстары жалғасуда. Атырау облысында 824 мың қапшық және 2 700 тонна инертті материал төселді, 4 424 км бөгет тұрғызылды, бөгеттердің іргесін нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жалғасуда, азаматтарды құлақтандыру және телерадио арқылы хабарландыру әр 4 сағат сайын жүргізіледі, - деді спикер.

Осы сағатта 22 734 адам өз үйлеріне оралды. 8 809 адам, оның ішінде 3 828 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 536 тұрғын үй мен 2 767 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 11,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 4,6 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 36 484 адам, 5 083 техника, 888 су сору құралы, 381 жүзу құралы, 16 әуе кемесі жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға