Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысының әкімі ауысты

Нариман Төреғалиев бұған дейін сенат депутаты болған
Батыс Қазақстан облысының әкімі ауысты
Фото: Ақорда 02.12.2022 11:04 1337

Мемлекет басшысының жарлығымен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Нариман Төреғалиев 19.07.1964 жылы Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы, Есенсай ауылында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты (1990)
Инженер-экономист,   Каспий қоғамдық университеті (2004) Заңгер мамандығы бойынша бітірген

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
Экономика ғылымдарының магистрі

Еңбек өтілі:
·      «ХVІІІ Партсъезд» ат. ауылшаруашылығы бірлестігінің экономисті, бас экономисті (1990-1995);
·      «Айтиево» өндірістік кешенінің жабдықтаушысы,  экономисті, бас экономисті (1997-1999);
·      «Акжол» шаруа қожалығының басшысы (1999-2001);
·    Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы (2001-2002);
·    Жалпы үлгідегі интернат үйінің директоры, Орал қ. (2002-2003);
·      Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары (2003-2005);
·      Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары (2005-2008);
·      Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры (2008-2010);
·      Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы (2010-2012);
·      Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі (2012-2015);
·      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2015-2016);
·      Орал қаласының әкімі (2016-2017);

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
·      «Құрмет» ордені (2016)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға