Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында республикалық жол жабылды

Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлім етті
Батыс Қазақстан облысында республикалық жол жабылды
Фото: exk.kz 21.02.2023 11:51 775

Республикалық маңыздағы тасжолдар желісінде Батыс Қазақстан өңіріндегі “Орал-Тасқала” тасжолы ғана жабық тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол қозғалысына енгізілген шектеу тұман мен көрінудің нашарлауына байланысты енгізілді.

Республикалық күре жолдар желісінде 400 бірлік арнайы техника мен 640 маман қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға