Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Республика күні қарсаңында тұрғын үйлер пайдалануға берілді
Батыс Қазақстан облысында бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді
Фото: almaty.tv 24.10.2022 14:35 2545

Республика күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысында бірқатар әлеуметтік нысандар іске қосылды, деп хабарлайды El.kz

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Щапов ауылында құрылысы аяқталған жаңа 420 орындық Б.Момышұлы атындағы мектепті пайдалануға беру. Мектепті салуға 1,191,1 млн теңге кетті.

Казталов ауданының 8 елді-мекенін табиғи газбен қамылмақ: Әбіш, Еламан, Саралжын және Қызылту, Сексенбаев, Мереке, Қаракөл елді-мекендері. Жоба құны 317,3 млн теңгені құрайды.

Орал қаласында Реновация бағдарламасы аясында салынған 4 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Апатты үйлердің орнына салынған түрғын үйден пәтер кілттері жаңа тұрғындарға табыс етілді. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы-3 476 м2, 52 пәтер.

2021-2023 жылдарға арналған «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы бойынша Кердері көшесінде - 172, Х.Доспанова көшесі– 73 үй және Мұхит көшесі – 127 үй мекенжайы бойынша абаттандырылған аулаларды пайдалануға берілді. Жоба бойынша асфальтбетонды төсем - 1906 м2; тұрақ -185 м2; тротуар-184 м2. Сондай-ақ жобаға сәйкес шағын архитектуралық нысандар, жарықтандыру,резеңке жабыны бар балалар ойын және спорт алаңдары,спорттық тренажерлар,беседкалар орналастырылды.

«Жасыл желек жолы» бульварының ашылуы. Аумағы: Шолохов көшесінен Әбілқайыр хан даңғылына дейін) Әбілқайыр хан даңғылымен (С. Датов көшесінен Циолковский көшесіне дейін). Жобаның мақсаты: тұрғындар үшін қолжетімді демалыс аймақтарын құру, қауіпсіз, жайлы және эстетикалық тартымды өмір сүру ортасын қамтамасыз ету және құру.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға