Жаңалықтар

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жетекшісі тағайындалды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жетекшісі тағайындалды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 06.02.2024 07:25 2570

Мемлекет басшысының Өкімімен Бауыржан Артықов ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Генерал-майор Бауыржан Артықов Түркістан облысы Самсоновка ауылында дүниеге келген. 1993 жылы ҚР ҚК кіші офицерлер курсын, 1994 жылы экстерн ретінде Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 2008 жылы Ұлттық қорғаныс университетін және 2019 жылы «әскери істегі стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.  

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде курсанттан бастап ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығына дейінгі жолдан өтті. Әр жылдары 01287, 21035,91678, 03858, 32363, 18404 әскери бөлімдерде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасы штабының жедел басқармасының бастығы, ҚР ҚК ҚӘ Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы лауазымдарында болды.

II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.  Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға