Жаңалықтар

Батыр Жүкембаев украиналық боксшыны нокаутпен жеңді

Батыр Жүкембаев украиналық боксшыны нокаутпен жеңді
Фото: instagram.com/batyr_jukembaev 23.05.2024 10:31 565

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев украиналық Иван Редкачпен жұдырықтасып, уақытынан бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) 19 нокауты бар Иван Редкачқа қарсы жекпе-жек өткізіп, мансабындағы жиырма үшінші жеңісіне қол жеткізді. Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын алғашқы раундтан бастап, қарсыласына шабуыл жасап, қарқынын үдетті. Нәтижесінде ауыр соққылар өткізген Редкачқа төреші жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндік бермей, уақытынан бұрын тоқтатуға мәжбүр болды. Нәтижесінде АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасқан Батыр Жүкембаев өзіне тиеслі WBA Continental North Americas белбеуін сақтап қалды.

Айта кетейік, боксшы Батыр Жүкембаев өткен жылдың желтоқсан айында француз спортшысы Мұхамед Мимунмен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға