Жаңалықтар

Батыр Жүкембаев әлемнің үздік боксшысымен спарринг өткізді

Батыр Жүкембаев әлемнің үздік боксшысымен спарринг өткізді
Фото: instagram.com/batyr_jukembaev 09.06.2023 23:30 633

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (20-1) Теренс Кроуфордпен (39-0) спарринг өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Жүкембаев Кроуфордпен түскен суретін жариялады.

Үздік болу үшін үздіктермен жаттығу керек. Теренс Кроуфорд — #1 P4P. Бүгін тағы бір жақсы спарринг болды. Ол алдағы жекпе-жекте Эррол Спенсті нокаутқа жіберуге тырысатынын айтты. Сіз бұл айқас туралы не ойлайсыз? – деп жазды Батыр.

Теренс Кроуфорд пен Эррол Спенс арасындағы жартылай орта салмақта абсолютті чемпион атағы үшін талас 29 шілде күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді (АҚШ, Невада штаты).

Жүкембаев бұған дейін шаршы алаңға 24 желтоқсанда Алматыда шықты. Ол оңтүстік африкалық Ксолани Мкотхелиді техникалық нокаутпен ұтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға