Жаңалықтар

Батутты гимнастикадан Қазақстан құрамасы Әлем кубогына қатысады

Батутты гимнастикадан Қазақстан құрамасы Әлем кубогына қатысады
Фото: ҚР ҰОК 20.03.2024 19:37 359

Батутты гимнастикадан Қазақстан командасы Германияның Котбус қаласында өтетін әлем кубогі кезеңіне қатысады. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған әлем кубогі Париж Олимпиадасына ұпай жинауға мүмкіндік береді. 

Әлем кубогі кезеңіне Қазақстан атынан Данил Мусабаев, Пирмаммад Алиев, Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов, Никита Тумаков қатысады.

2024 жылы әлем кубогіның алғашқы кезеңі ақпан айында Әзірбайжанда өткен болатын. Бакуде Данил Мусабаев пен Пирмаммад Алиев жұптық сында күміс медаль иеленді. 

Әлем кубогінің шешуші кезеңдері маусым айында Швейцарияда және шілдеде Португалияда өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға