Жаңалықтар

"Батпаққа батқан ауыл-аймақта қашан жол салынады?". Депутат Нартай Аралбайұлы ашуланды

"Батпаққа батқан ауыл-аймақта қашан жол салынады?". Депутат Нартай Аралбайұлы ашуланды
Фото: Facebook / Нартай Аралбайұлы 28.11.2023 10:40 1026

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы ауыл-аймақтың халқы батпаққа батып, жол жүру азап болғанын айтып, министрлікті сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың 11 айында ақылы жолдардан 26,5 млрд теңге жиналған. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтыпты. Аталған ақшаға жолы жоқ, көлік тұрмақ трактормен жете алмайтын, батпаққа батқан ауыл-аймақтарға жол салынар деп күткенмін. Бірақ… Министрлік жыл сайын елдегі жолды күтіп ұстауға 60 млрд теңге кетеді дейді. Сол ақша расында жолға кетіп жатыр ма?, - деп жазды депутат Facebook парақшасында.

Мәжілісмен Көлік министрі Марат Қарабаевтың қыркүйекте айтқан мәліметін келтірген.

 “Біріншіден, біз жол жүру ақысын 20 пайызға көтеріп жатырмыз. Екіншіден, оны  АЕК-пен теңестіріп отырмыз. Жыл сайын АЕК өскен сайын тариф те өседі”, - дейді министр. Әлеуметтік жағдайы әл үстіндегі жұртты жанши беру ақылға томпақ дүние!, - деп жазды депутат Нартай Аралбайұлы.

Жаз айында Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Батыс Қазақстан облысының жолдарын жөндеу мәселесін көтеріп, премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға