Жаңалықтар

Басы дауға қалған «Қазақфильм» басшысы Азамат Сатыбалдының 2 кеңесшісі болады

Басы дауға қалған «Қазақфильм» басшысы Азамат Сатыбалдының 2 кеңесшісі болады
Фото: instagram.com/azamatc 14.02.2024 18:16 979

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы президенті Азамат Сатыбалдының екі кеңесшісі тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек Қазақфильм ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Ол Қазақфильмнің шығармашылық даму бағытын қадағалап, сол бағытқа жауап беретін болады. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар», - деп жазды Азамат Сатыбалды Instagram парақшасында. 

Сонымен қатар, киностудияның өндірістік бағытын қадағалайтын кеңесші тағайындалған.

Белгілі продюсер Еркебұлан Күрішбаев Қазақфильм ұлттық қиностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Еркебұлан Қазақфильмнің өндірістік бағытын қадағалайтын болады. Еркебұлан студиямыздың дамуына үлкен үлес қосады деп сенемін, - дейді Азамат Сатыбалды. 

Айта кетейік, Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм”  киностудиясының аумағында қытайлық көліктер қаптағаны туралы жазған едік. 

Киностудия басшысы Азамат Сатыбалды да әлеуметтік желіде қытай автокөліктерін жарнамалап жүргені белгілі. Көліктердің қапта тұруына рұқсат берген киностудия басшысы Азамат Сатыбалдының әрекеті әріптестерінің шымбайына батқандай. Актер Қуандық Дүйсенбаев алғашқылардың бірі болып әлеуметтік желіде үндеу жасаған. Шәкен Айманов атындағы қара шаңырақтың онсыз да хәлі мүшкіл кезде аумағын оңды-солды пайдалану қисынға келмейді деп күрсінеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға