Жаңалықтар

Басшылар тиімсіз бақылау жүйесінен арылуы қажет – сарапшы

Үкіметтің кеңейтілген отырсына қатысты сарапшы пікірі
Басшылар тиімсіз бақылау жүйесінен арылуы қажет – сарапшы
Фото: Ақорда 12.12.2022 18:12 1559

Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінің жылдық қорытындысына бағытталған Үкімет отырысында елеулі мәселелер көтерілді. Инфляция өсіп, экономиканың төмендеуі  елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінің тоқтауына әкеліп соқты. Осы ретте сарапшылар әділетті шешімдер арқылы халықтың жай-күйіне баса назар аударуы қажет дейді.

Инфляцияның өсуі біздің нарықта отандық өнімдердің болмауы дейді сарапшы.

«Мемлекет қазір үкіметтің бекіткен жоспары бойынша жұмыс жасап жатыр. Әділетті мемлекет, әділетті экономика, әділеті қоғам бағытында үлкен жобалар бар. Біз импортқа тәуелді болғандықтан өнімдердің қымбаттауы орын алып жатыр. Қазіргі кез келген шешім халықтың қалтасына әсерін тигізері сөзсіз. Отандық өнімдерді шығарушылар арасында бәсекелестік болмағандықтан аса мән берілмейді. Өзіміздің тауар үлесін арттырар болсақ сұраныс көп болады», - дейді Макроэкономикалық зерттеулер және болжау орталығы директорының орынбасары Ернар Серік.

Экономиканың төмендеуі халық кірісіне әсерін тигізері анық. Ендігіде министрлер мен әкімдердің жұмыс сапасы қатаң бақылауда болмақ. Кейбір билік өкілдерінің басқару жүйесі төмен екенін ашып айтты, дейді келесі сарапшы.

«Үкімет отырысында үлкен мәселелер көтерілетіні анық. Алайда бұл жолғы отырыс ерекшеленді десек болады. Министрлер мен әкімдерге жоғары талап қойылып, сыни пікірлер көптеп келтірілді. Децентрализация жүргізу керек екені анық. Жылдық жоспар толық қамтылғанымен, халық көріп отырғандай мәселелер артып келеді. Экономиканың төмендеуі тікелей жұрт табысына әсер етеді. Тұрмыстық жағдайда тарифтердің өсуі де қызық құбылыс. Барлық салада өсім болғанымен, айлық табыс әлі де төмен. Ал облыс әкімдері жоғарыдан бұйрық күтіп, тек бекітілген жоспарлар бойынша қызмет ететіндері өтірік емес. Әділетті Қазақстан құрудағы басты шарт жоспарды нақты орындау емес, мемлекетті жоғары деңгейге жеткізу деп ойлаймын», - деді Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Әсел Әбден.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға