Жаңалықтар

Баскетболдан жоғарғы лига: елордалық команда ел чемпионы атанды

Баскетболдан жоғарғы лига: елордалық команда ел чемпионы атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 11.04.2024 10:56 375

Баскетболдан Жоғарғы лиганың ерлер командалары арасындағы ХХХІІ Қазақстан чемпионатының соңғы туры Щучинск қаласында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, аса тартысты өткен ел чемпионатына республикамыздан 8 команда қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қызықты әрі тартысқа толы маусымда соңғы турларға дейін жеңімпаз анықталған жоқ. Себебі «Astana Tigers» пен «Шымкент» командалары үзеңгі қағыстырып финишке қатарласа жетті.

Осылайша чемпиондықты 1 ұпай басымдығы шешіп, Астана қаласының намысын қорғаған «Astana Tigers» командасы 51 ұпаймен маусым үздіктері атанды. «Шымкент» командасы 50 ұпаймен 2-орынды иеленсе, үздік үштікке 48 ұпайы бар «Тұран» командасы кірді.

Ел чемпионатында үздік ойын көрсеткен ойыншыларға да құрмет көрсетілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға