Жаңалықтар

Баскетболдан Қазақстаның 16 жасқа дейінгі құрамасы Азия кубогына жолдама алды

Баскетболдан Қазақстаның 16 жасқа дейінгі құрамасы Азия кубогына жолдама алды
Фото: ҚР МСМ 30.06.2023 22:33 587

Баскетболдан Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Самарқан (Өзбекстан) қаласында өткен CABA іріктеу турнирінде жеңіске жетіп, Азия кубогына жолдама алды. Бұл туралы ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстан жасөспірімдері әуелі Қырғызстан жасөспірімдер құрамасын 97:42 есебімен жеңсе, шешуші ойында Өзбекстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерінен 91:47 (32-13, 20-16, 24-8, 15-10) есебімен басым түсті.

Қазақстан U16 құрамасы CABA аймағына берілген жалғыз жолдамаға ие болды. Азия кубогінің финалдық кезеңі 17-24 қыркүйек аралығында Доха (Катар) қаласында өтеді.

Турнир нәтижелері:

1-орын: Қазақстан U 16

2-орын: Өзбекстан U 16

3-орын: Қырғызстан U 16

Сондай-ақ жеңімпаз командалар арасынан үздік ойыншылар анықталды:

Әлішер Мұратұлы - Қазақстан U 16

Амир Рустамов - Қырғызстан U 16

Гулбани Зураб – Өзбекстан U 16

Қазақстанның чемпиондық құрамы:

Мұратұлы Әлішер

Барабаш Иван

Әділбек Нұрмұхамед

Әубәкіров Санжар

Джарекеев Ислам

Талғатов Арсен

Дорошин Алексей

Пестов Илья

Сұлтан Бейбарыс

Ремезов Иван

Соннов Павел

Исабаев Марлен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға