Жаңалықтар

Бас прокурор заңсыздық пен мәдениетсіздікке қарсы бірігуге шақырды

Бас прокурор заңсыздық пен мәдениетсіздікке қарсы бірігуге шақырды
Фото: © El.kz 21.11.2023 20:50 439

Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Президент әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Отырыста Бас Прокурор Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету бойынша шаралар кешені қабылданып жатқанын атап өтті.

Бүгінде көшедегі мәдениетсіздіктен бастап ұрлау, тонау және кісі өлтіруге дейінгі қылмыстардың барлық түрлеріне қарсы тұру қажет, - деді Берік Асылов.

Жыл басынан бері 80 адам кісі өлтіргені, өлімге әкеп соқтырған ауыр зиян келтіргені үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

2023 жылдың үшінші тоқсанында ғана 27 мың «отбасылық дебошир» әкімшілік жауапкершілікке тартылды, себебі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап полиция мұндай адамдарды өз бастамашылығымен анықтау құқығына ие болды. Ал алдыңғы тоқсанда жәбірленушілердің өтініштері бойынша тек 7 мың әкімшілік құқық бұзушы жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар жағдайға теріс әсер ететін бірқатар факторлар сақталатыны атап өтілді.

Бұрынғысынша, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың жоғары үлесі жасырын болып қала береді, себебі жәбірленушілер қорқып, жасалған зорлық-зомбылық туралы жасырады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейінің төмендеуі үшін зардап шеккендермен тиімді әлеуметтік жұмыс және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жеткілікті қаржыландыру тікелей жасалуы тиіс.

Алайда елдегі аудандардың 85%-ы дағдарыс орталықтарымен қамтылмаған. 2022 жылы әлеуметтік қызметтер (тұрмыстық қызметтер көрсету, дәрігерге дейінгі медициналық, психологиялық, заң көмегі, оның ішінде құжаттарды қалпына келтіру бойынша, жеңілдіктер мен жәрдемақыларды ресімдеуге көмек, кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру)  2 749 құрбанға көрсетілгенімен, олардың саны 13 есеге – 38 мың көп болды.

Сонымен қатар алкоголизм, нашақорлық, азғындық өмір салты құқық бұзушылықтарға ықпал етеді.

Берік Асылов атап өткендей, профилактиканы жетілдіру жұмысындағы маңызды бағыт «мүлдем төзбеушілік» қағидатын ілгерілету болып табылады.

Бұл ретте жазаның бұлтартпастығы халықтың құқықтық мәдениетін арттырумен, азаматтардың ел заңдарына және бір-біріне деген құрметіне тәрбиелеумен қатар жүруге тиіс. Құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне қарсы тұруды жастарға ерте жастан үйрету керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға