Жаңалықтар

Бас прокурор Костенко шахтасындағы қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Бас прокурор Костенко шахтасындағы қайғылы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: © iStock 04.12.2023 11:10 564

Бас прокурордың айтуынша, басшылардың жауапкершілігінің жетіспеушілігі салдарынан қызметкерлердің қауіпсіздігі сақталмай, қайғылы жағдайлар орын алады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттар Бас прокурор Берік Асыловтан Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға түсініктеме беруін сұрады. Бас прокурор "АрселорМиттал Теміртау" кеніштеріндегі апат деректері бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі "Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқанын еске салды.

Ол мұндай қайғылы оқиғалар жауапты адамдардың жұмысшылардың қауіпсіздігіне тиісінше қарамауынан туындайтынын, қауіпсіздік мәселесі мемлекет тарапынан жеткілікті бақыланбайтындығын атап өтті.

Заңға тәуелді актілерде кәсіпорындарды жыл сайын тексеруге мүмкіндік беретін нормалар жоқ. Ірі бизнес субъектілеріне қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзғаны үшін салынатын әкімшілік санкциялардың ауқымы (ескертуден бастап 500 мың теңгеден аспайтын айыппұлға дейін) көп емес. Сондықтан мұндай әдістер әсер етпейді, - деді Асылов.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында кеншілерді іздеу жүйесі болмағаны айнықталған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға