Жаңалықтар

Бас прокуратура үгіт-насихат кезінде заң бұзушылықтар болғанын айтты

заң бұзғандардың барлығы кінәсін толық мойындаған
Бас прокуратура үгіт-насихат кезінде заң бұзушылықтар болғанын айтты
19.11.2022 05:13 2030

Президенттікке кандидаттардың үгіт-насихат жұмысын жүргізу кезінде сайлау заңнамасын бұзған төрт азаматқа әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Үгіт науқаны барысында екі заң бұзушылық және интернет-ресурстар арқылы тағы екі заң бұзушылық болды", – деді Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев.

Өз сөзінде Бас прокуратура өкілі заң бұзғандардың барлығы кінәсін толық мойындағанын және оларға айыппұл салынғанын айтты.

Соындай-ақ Бас прокуратура басқармасының басшысы Азамат Серғазин төрт бұзушылық жөнінде түсіндірме берді.

"Президенттікке үміткерлердің үгіт материалдарына қасақана зиян келтіру бойынша екі факт анықталды. Мұнда кінәлілер ӘҚБтК-нің 114-бабы бойынша жауапқа тартылды. Тағы екі факт — ОСК-ға хабарламай, әлеуметтік желілерде сауалнама жүргізу жөнінде", – деді Азамат Серғазин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға