Жаңалықтар

Бас прокуратура тыныштық күніне қатысты мәлімдеме жасады

Бас прокуратура тыныштық күніне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: El.kz 17.03.2023 20:39 645

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев 19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау алдындағы тыныштық күнінің талаптары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін сағат 00:00-де сайлау алдындағы үгіт жұмыстарының кезеңі аяқталады. Ертең, 18 наурызда және дауыс беру күні – 19 наурызда кез келген үгітті жүргізуге тыйым салынады. 14 наурыздан БАҚ-та сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға, кандидаттарды қолдауға дауыс беруге байланысты өзге зерттеулерді жариялауға да жол берілмейді, – деді ол.

Бас прокуратура өкілі сауалнамаға қатысты бірқатар талапқа тоқталып өтті.

Мұндай сауалнаманы дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте жүргізуге болмайды («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы). Оларды, тіркелген және Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар ғана сайлау учаскелерінен шыға берісте жүргізе алады. Сауалнамалардың нәтижелерін БАҚ-да дауыс беру күнінен кейін, яғни 2023 жылғы 20 наурыз сағат 00:00-ден бастап жариялауға рұқсат етіледі. Конституциялық заңның осы талаптарын орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 және 120-баптарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады, – деді Жандос Әмірәлиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға