Жаңалықтар

Бас прокуратура: Мемлекетке 9,2 млрд теңгеден астам шығын өтелді

Бас прокуратура: Мемлекетке 9,2 млрд теңгеден астам шығын өтелді
Фото: El.kz 21.04.2023 09:55 950

Өткен жылы қаражатты тәркілеу, жер телімдерін, жылжымайтын мүліктер мен көліктерді қайтару арқылы мемлекетке 9,2 миллиард теңгеден астам шығын қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратураның мәліметінше, Астана, Алматы және Өскемен қалаларындағы коммерциялық нысандар жергілікті атқарушы органдарға берілді.

Астана, Алматы, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және басқа облыстардағы жер телімдерін, жылжымайтын мүлік объектілерін, өндірістік кешендерді мемлекет кірісіне айналдыру бойынша жұмыстар жалғасуда, - делінген мәліметте.

Ал биыл 1,5 млрд теңге жиналған.

Прокурорлар мүлікті иеліктен шығару туралы келісімшарттарды жарамсыз деп тану туралы 36 талап арыз беріп, оның 25-і қанағаттандырылды, - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға