Жаңалықтар

Бас прокуратура Кәрім Мәсімов ісіне түсінік берді

Бұл туралы Әсет Шындалиев Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында айтты
Бас прокуратура Кәрім Мәсімов ісіне түсінік берді
Фото: 24.kz 19.10.2022 14:28 1563

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты іс әлі де күдіктілерге таныстыру сатысынан өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазір күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр. Осы орайда танысу біраз уақыт алуы мүмкін», - деді Әсет Шындалиев Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҰҚК бұрынғы басшылығы К.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі «өте құпия» белгісімен тіркелген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға