Жаңалықтар

«Барыстың» бапкерлік штабы толығымен анықталды

«Барыстың» бапкерлік штабы толығымен анықталды
Фото: Шайба.кз 09.10.2023 05:09 633

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін Астананың «Барыс» клубы бас бапкерін қызметінен босатып, орнына отандық маман Ғалым Мәмбетәлиевті қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шайба.kz порталының жазуынша, оған Ерлан Сағымбаев пен Александр Высоцкий көмектеседі. Қазақстандық мамандар биылғы маусымды «Номад» сапында бастаған. Үшеуі Ригадағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын да бастап барған еді.

Бір қызығы, бұл бапкерлер әр жылдары «Барыстың» жаттықтырушысы болған. Александр Высоцкий ҚХЛ-ның бірінші маусымында, Ерлан Сағымбаев – 2015 жылы, Ғалым Мәмбетәлиев – 2018 жылы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға