Жаңалықтар

«Барыс» Ресейдің «Северсталь» командасын овертаймда жеңді

«Барыс» Ресейдің «Северсталь» командасын овертаймда жеңді
Фото: hcbarys.kz 04.12.2023 01:29 389

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл елордалық клуб біріншілікті сәтсіз өткізіп келеді. Олар бұған дейін 37 ойыннан кейін 29 жинап, 23-орында тұрған еді. Ал «Северсталь» 36 ойында 37 ұпай жинап, 16-орында келе жатқан болатын.

Кездесу барысында қазақстандық команда белсенділік көрсетті. Нәтижесінде 7-минутта Энтони Камара «Барысты» алға шығарса, 13-минутта ресейлік клубтан Илья Иванцов таразы басын теңестірді.

Ал Кирилл Пилипенко 22-минутта «Северсталь» командасының басымдығын арттырса, «Барыс» сапынан Михаил Рахманов гол соғып кетті.

Осылайша негізгі кезең 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты.

Овертаймда елордалық клубтан Евгений Рымарев мергендік таныттып, «Барыс» 3:2 есебімен басым түсті.

Бұл – елордалық клубтың қатарынан екінші жеңісі.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық команда көш басындағы «Металлургтен» басым түсті.

Енді елордалық клуб 5 желтоқсанда «Авангард» (Омбы) командасымен кездессе, 7 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) клубымен шеберлік байқасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға