Жаңалықтар

«Барыс» қатарынан үшінші мәрте жеңіліске ұшырады

«Барыс» қатарынан үшінші мәрте жеңіліске ұшырады
Фото: hcbarys.kz 29.10.2023 20:29 644

Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Барыс» пен «Торпедо» кездесуі бір минут үнсіздікпен басталды.

Кездесу барысында ресейлік клубтан Владислав Фирстов 15-минутта есеп ашса, Егор Виноградов 26-минутта есепті үстемелей түсті.

Оған «Барыс» сапынан Батырлан Мұратов 43-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:2 есебімен жол берді. Бұл - олардың қатарынан үшінші жеңілісі.

Енді елордалық клуб алдағы үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен Ресейде «Металлург» (Магнитогосрк) клубымен кездессе, одан кейін 2 қарашада «Автомобилист» (Екатеринбург), 4 қарашада «Ак Барс» (Қазан) командаларымен ойнайды.

Еске салсақ, «Барыс» бұдан бұрын Беларусьтің «Динамо» (Минск) (2:5) командасына есе жіберді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға