Жаңалықтар

"Барыс" - көшбасшы!

Қазіргі уақытта «Барыс» Чернышев дивизионында 23 ұпаймен бірінші орында тұр.
"Барыс" - көшбасшы!
Фото: smotrim.ru 18.10.2022 23:51 1527

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өз дивизионының көшбасшысы атанды, деп хабарлайды EL.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта «Барыс» Чернышев дивизионында 23 ұпаймен бірінші орында тұр. Уфалық «Салават Юлаевтың» да ұпайы сондай, бірақ ол қосымша көрсеткіштер бойынша төмен орналасқан. Үшінші орында – 22 ұпаймен Новосибирскінің «Сибирі».

«Барыс» ҚХЛ матчында қатарынан үш жеңіске жетті: өз алаңында Владивостоктың «Адмиралын» (3:1), Хабаровскінің «Амурын» (5:1) және Нижгородтың «Торпедосын» (4:1) ұтты.

21 қазанда «Барыс» өз алаңындағы финалдық ойынын Магнитогорскінің «Металлург» командасына қарсы өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға