Жаңалықтар

«Барыс» хоккей клубы қаңтарда 14 ойын өткізеді

Бұл туралы «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметі мәлім етті
«Барыс» хоккей клубы қаңтарда 14 ойын өткізеді
Фото: egemen.kz 03.01.2023 13:22 1785

«Барыс» хоккей клубының қаңтар айындағы ойын кестесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Барыс» бұл айда өз алаңында 7 матч өткізеді.

Бірінші матч бүгін, 3 қаңтар күні Магнитогорскінің «Металлургімен» өтеді. Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатының ойыны астана уақытымен сағат 17.00-де басталады. Тікелей эфирді «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

12 қаңтарда «Барыс» Мәскеу қаласының «ЦСКА» командасымен, 14 қаңтарда Нижнекамскінің «Нефтехимик», 16 қаңтарда Новосибирскінің «Сибирь», 25 қаңтарда Череповецтің «Северсталь», 27 қаңтарда Челябинскінің «Трактор» және 29 қаңтарда Мәскеудің «Динамо МСК» клубтарымен ойнайды.

«Барыс» сырт алаңда тағы 7 ойын өткізетіні жоспарланған. Атап айтқанда, 5 және 6 қаңтарда астаналық хоккейшілер Хабаровскінің «Амур», 8 және 9 қаңтарда Владивостоктің «Адмирал», 19 қаңтарда Челябинскінің «Трактор», 21 қаңтарда Екатеринбургтің «Автомобилист» және 23 қаңтарда Магнитогорскінің «Металлург» клубтарымен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға