Жаңалықтар

«Барыс» бүгін «Амур» командасына жеңіліп қалды

Командалар бұған дейін 46 мәрте кездесті
«Барыс» бүгін «Амур» командасына жеңіліп қалды
Фото: prosports.kz 19.11.2022 21:20 694

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада «Амур» (Хабаровск) клубына қарсы өткізді,  деп хабарлайды El.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында қазақстандық команда алдымен есеп ашты. Оны 18-минутта Аңсар Шайхмедденов өзінің еншісіне жазды. Көп ұзамай 19-минутта «Амур» хоккейшісі Сергей Дубакин таразы басын теңестірді.

Екінші кезең басталғанда ресейлік команда шабуыл ұйымдастырды. Осындай сәттердің бірінде олардың қатарынан Ян Дрозг 21-минутта өзінің командасын алға шығарды.

Ойының 59-минутында реесйлік командадан Александр Шаров қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Енді «Барыс» 21 қарашада елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға