Жаңалықтар

Баршаны біріктірген «Бабалар аманаты»

Көрме ұлт ұстаздары Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерейтойларына арналды
Баршаны біріктірген «Бабалар аманаты»

22-қарашаның кешінде Алматы қаласындағы «Жасампаз» өнер галереясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, суретші, ұстаз Қанағат Көдековтің «Бабалар аманаты» атты жеке көрмесі ашылды.

Баршаны біріктірген «Бабалар аманаты»

Көрме ұлт ұстаздары Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерейтойларына орай шығарылған көркем еңбек пәні мұғалімдері мен кәсіби суретшілердің арнайы жинағының тұсаукесерімен бастау алды.

Баршаны біріктірген «Бабалар аманаты»

Көрме ашылмас бұрын Абай атындағы ҚазҰПУ Бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов құттықтау сөзбен ашып, көрме иесіне шығармашылық табыс тіледі.

Одан кейін осы саланың ардагерлері мен арнайы шақырылған меймандар сөз сөйлеп, ізгі ниеттерін білдірді.

Шығармашылық кеш көрме авторының қызы, суретші-биші Томирис Қанағатқызының мың бұралған биі мен арнау өлеңдерге ұласты.

Ерекше көрменің басты мақсаты: өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолында республикалық және халықаралық бағытта еңбектерін дәріптеп жүрген ұстаздың бейнелеу өнерінің бірнеше жанрындағы ұлттық тәрбиеге негізделген туындыларын көрмеге қоя отырып, еліміздің әр түпкірінде шығармашылықпен айналысқан ұстаздардың еңбектерін насихаттау мақсатында жинақтаған авторлық кітаптарының тұсаукесері болып отыр.

 «Бұл жинақтарда түрлі бейнелеу өнерінің жанрлары, атап айтсам кескіндеме, мүсін және сәндік қолданбалы өнер түрлері қамтылған. Яғни аталған жанрларда еңбек ететін ұстаздарымыздың үздік туындылары аталған кітаптарға енген» дейді, Қанағат Қалиұлы.

Айта кетейік, Қанағат Қалиұлы Көдеков - ҚР Білім және Ғылым министрлігі ұйымдастырған «Үздік педагог – 2021» байқауының жеңімпазы, 148 мектеп-гимназияның көркем еңбек пәнінің мұғалімі, «Бабалар аманаты» атты халықаралық бейнелеу өнері жобасының авторы.

Сонымен қатар, жоба авторы: «Бұл кітапты шығарудағы мақсатымыз - ұстаздардың еңбектерін дәріптеу барысында қазіргі өскелең ұрпақтың «ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші, болашақ жастарымыздың тәрбиесін дұрыс жолға қоятын болсақ, осы ұстаздар арқылы, егемен еліміздің тәуелсіздік жолында қосқан үлкен борышымыз деп есептейміз» деп, өз ойын сабақтады.

Баршаны біріктірген «Бабалар аманаты»

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне қарасты «Жасампаз» өнер галереясында ашылған бұл көрмеге автор мен оның шәкірттерінің 25-тен астам кескіндеме және 6-7 мүсін жанрындағы композициялық жұмыстары қойылған.

Баршаны біріктірген «Бабалар аманаты»

Баршаны біріктірген «Бабалар аманаты»

Қанағат Қалиұлы ««Бабалар аманаты» ұлттық жобасы осы саладағы Ақсақалдар алқасының шешімімен құрылған. Яғни еңбек және бейнелеу өнері пәндерінен сабақ беретін ұстаздардың жұмыстарын насихаттап, мәртебесін көтеру мақсатында осындай жобаны құрып, ел мәдениеті мен өнерінің бір бөлшегі ретінде назардан тыс қалдырмайық деп осы жұмысты жалғастырып келеміз» дей келе, қалың мұқабамен әдемі безендірілген жинақтарды шығаруға әзірге ұстаздар қауымы қаражатты өздері тауып, өздерін-өзі қамтамасыз етіп келеді екен. Алдағы уақытта бұл салаға министрліктер тарапынан қолдау боларына бек сенімді.

Суреттер автордікі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға