"Барселона" өз алаңынад "Реал Мадридтен" басым түсті

11 мамырда Барселона мен Реал Мадрид арасындағы кезекті Эль-Класико тартысты әрі драмалық сипатта өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Каталониялық клуб 4:3 есебімен жеңіске жетіп, Ла Лига чемпиондығына бір қадам жақындады.
Ойын барысында Реал Мадрид матчты қарқынды бастады. Килиан Мбаппе 3-ші минутта пенальтиден есеп ашып, 14-ші минутта тағы бір гол соғып, командасын 2:0 есебімен алға шығарды.
Барселона қарымта шабуылға көшіп, Эрик Гарсия бұрыштан соққан голымен есепті қысқартты. Ламине Ямал керемет соққымен есепті теңестірді. Рафиньяның екі голы Барселонаны 4:2 есебімен алға шығарды. Екінші таймда Мбаппе хет-трик жасап, есепті 4:3-ке жеткізді.
Ойын соңында Реал Мадрид бірнеше мүмкіндікке ие болды, бірақ Барселона қорғанысы мықты болып, жеңісті сақтап қалды.
Маңызды сәттердің бірі ретінде Килиан Мбаппе осы матчтағы хет-тригімен Реал Мадрид сапындағы алғашқы маусымында 39 голға жетіп, клуб тарихындағы дебюттік маусымдағы гол саны бойынша рекорд орнатқанын ерекшеу атауға болады.
Барселона осы маусымда Реал Мадридті төрт рет жеңіп, жалпы 16 гол соқты. Бұл жеңіс Барселонаның Ла Лигадағы көшбасшылығын нығайтып, чемпиондыққа жақындата түсті.
