Жаңалықтар

«Барселона» Ансу Фатиді ағылшын клубына жалға берді

«Барселона» Ансу Фатиді ағылшын клубына жалға берді
Фото: instagram.com/ansufati 03.09.2023 04:28 672

«Барселона» шабуылшысы Ансу Фати мансабын ағылшын премьер-лигасында (АПЛ) жалғастырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Каталония клубының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 жастағы Ансу Фатиді «Брайтон» клубы 2024 жылдың 30 маусымына дейін жалға алған.

Бұған дейін испаниялық БАҚ футболшының бас бапкер Джави Эрнандестің ойын тұжырымдамасына сәйкес келмейтінін хабарлаған. Сондықтан оның командадан кетуі уақыт еншісіндегі дүние ғана болатын.

Ансу Фати «Эррера» балалар командасында футболмен айналыса бастады, 2010 жылдан 2012 жылға дейін «Севилья» академиясында тәлім алды, содан кейін «Барселона» жүйесіне ауысты.

Ойыншының каталон клубымен қазіргі келісімі 2027 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Transfermarkt порталы шабуылшының нарықтық құнын 35 миллион еуроға бағалайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға