455.65
489.96
6.36

Барлық үміткерге оң көзқараспен қараймын – депутат

Президент ретінде нақты бір кандидатты көремін деп бөліп-жарып айта алмаймын
baq.kz
Фото: baq.kz 18.10.2022 11:30 2056

Кезектен тыс Президент сайлауы 20-қараша күні өтеді. Осыған қатысты Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Уайс Ерсайынұлы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz.

Уайс Ерсайынұлы сайлаудың уақытынан бұрын өтуіне бернеше себеп бар деп отыр.

«Еліміздегі 2024 жылға жоспарланған Президент сайлауы 2022 жылы өтетін болды. Бұған бірнеше себеп бар. Біріншіден, халық қаңтар айында «бізге өзгеріс керек» деп көтеріліске шықты. Сол өзгерістерге жету мақсатында Президенттің өзі 6 ай уақыт сұрады. Нәтижесінде маусым айында жалпыхалықтық референдум өтіп,  Конституцияға өзгерістер енгізілді. Бірақ халық тағы да өзгерістердің керек екендігін әлеуметтік желі арқылы және күнделікті өмірде де айтып, талап қойып отыр. Сондықтан мемлекет басшысы әдеттегі сайлау уақытын күтпей мерзімінен бұрын өткізгелі отыр деп ойлаймын. Ал екінші жағынан, елімізде сол түбегейлі өзгерістердің болуы заңдылық. Қазіргі уақытта шешетін мәселелерді алдын ала ертерек қарастырып алу керек», - деді.

Сонымен қатар, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты сайлауға қатысатын қандай да бір кандидатты бір-бірінен бөлмей, барлығына бірдей деңгейде қарайтынын жеткізді. 

«Президент ретінде нақты бір кандидатты көремін деп бөліп-жарып айта алмаймын. Бірақ жасы 40-тан асқан кез келген азамат бағын сынап, кандидат бола алады. Қай үміткерге болсын оң көзқараспен қараймын», - деді Уайс Ерсайынұлы.


Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар