Жаңалықтар

Бәріңді өлтіремін. Филипин-Оңтүстік Корея бағытындағы ұшақтың есігін ашпақшы болған жолаушы ұсталды

Бәріңді өлтіремін. Филипин-Оңтүстік Корея бағытындағы ұшақтың есігін ашпақшы болған жолаушы ұсталды
Фото: Yonnapnews 20.06.2023 11:39 694

19 маусымда Филиппиндегі Себу қаласынан Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласына ұшқан Jeju Air ұшағының жолаушысы ұшақтың есігін ашуға тырысқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Yonnapnews агенттігіне сілтеме жасап.

Әуекомпанияның мәліметі бойынша, ұшып шыққаннан кейін шамамен бір сағат өткен соң 180 адам мінген Boeing 737 жолаушыларының бірі ерсі әрекет ете бастап, стюардессаларға кеудедегі қысымға шағымданған.

Ұшу экипажы оған басқа орынға ауысуды ұсынған, бірақ ер адам есікке қарай жүгіріп, ұшақтың есіктерін ашуға тырысқан. Куәгерлер оның "есікті ашып, бәрін өлтіремін" деп айқайлағанын естіген.

Стюардессалар мен басқа жолаушылар оны тыныштандырған. Ұшу ұзақтығы тағы үш сағатқа созылған, ал құқықбұзушы ұшақ қонғаннан кейін полицияға тапсырылды.

Оның әрекетінен бортта ешкім зардап шекпеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға