Жаңалықтар

Бәрібір жетіспей тұрады. Хитмен әнші Ұланғасыр Қамиев өкінішін айтты

Бәрібір жетіспей тұрады. Хитмен әнші Ұланғасыр Қамиев өкінішін айтты
Фото: instagram.com/ulangasyrqamiev 18.05.2023 13:32 911

Қазақ эстрадасына жаңа леп әкелген жас әнші, үш айдың ішінде «Қызыл раушан», «Ямахау», «Жақтырмайсың» әндерімен танылған Ұланғасыр Қамиев «Базарlike» бағдарламасында жеті жасында дүниеден өткен әкесін еске алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осылай ел алдына шығып жүргенімді әкем көре алмады. Біз негізі төрт ағайындымыз. Үлкен ағам өнерге қатысы жоқ. Теміржолда істейді. Айдар деген ағам негізі мамандығы актер бірақ ауылға кеткен. Қазір қара шаңырақта отыр. Дидарды бәріңіз білесіздер, айтыскер ақын.Төртеумізде негізі өнерден құр алақан емеспіз. Әкемнің де өнерден алыстығы жоқ. Гитарада, домбырада ойнайтын. Анам ән айтатын, атам өлең шығаратын. Өнерлі отбасымыз, - деді Ұланғасыр Қамиев.

Әкесі 2007 жылы кіші ұлы жеті жасқа толғанда өмірден өткен. Олм әкем болғанда бәрі басқаша болар ма еді деп ойланатын кездері көп екен.

Әкем болғанда басқаша бір ақылын айтып отыр ма еді. Ол кісі дүниеден өткенде мен кішкентай едім. Айтқан ақылдарын тыңдап үлгермедім. Бәрібір жетіспей тұрады. Бірақ анам әкенің орнына әке болып бізді бақты. Әкеміздің жоқтығын көрсетпеді. Маған да әкенің ақылы, әкенің қолдауы жетіспей тұрады. Әрине, өкінішті. Жеке ән кешімді берген кезде, әкемнің алдыңғы қатарда отырмауы өкінішті. Әкемнің көп арманы орындалмай кетті. Сол кісіге астына көлік мінгізіп, елді-жерді көрсетіп тірі болса осы армандарын орындар едім, - дейді әнші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға