Бақжан Байтас елордада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды

Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі спортшымыз жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. 19 жастағы жарыс дебютанты Бақжан Байтас тәжікстандық Мухсин Малаевты, өзбекстандық Мухаммадсодик Содиков, италиялық Энрико Бергамелли сынды азулы қарсыластарын жеңіп шығып, жүлделі орыннан көрінді.
Астанада Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасынан 14 балуан татамиге шыққан болатын.
Бұған дейін қазақстандық дзюдошылар арасынан Ғұсман Қырғызбаев (-66 келі) пен Талғат Орынбасар (-60 келі) күміс, ал Мағжан Шамшадин (-60 келі), Аман Бақытжан (-60 келі), Есет Қуанов (-73 келі) және Абылайхан Жұбаназар (-81 келі), Марат Байкамуров (-100 кг) қола жүлде иеленді.
