Дзюдодан Загреб Гран-приінде Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті. Жарыстың екінші күнінде Бақытжан Абдурахманов үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
Отандасымыз ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті. Жұбаныш финалында ол тәжірибелі дзюдошы, косовалық Акил Киякованы вазари ұпайымен басым түсті.
Бақытжан Абдурахманов жарыс барысында барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Ол іріктеу кезеңінде Венгрия және Франция спортшыларынан, жұбаныш белдесуінде түркиялық дзюдошыдан басымдық танытты.
Айта кетерлігі, жарыстың бірінші күнінде Айболат Ыстыбай (66 кг) жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын.
Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлемдік бәсекеде 83 елден 500-ден астам татами шебері бақ сынап жатыр.
Бақытжан Абдурахманов әлемдік Гран-при жарысының қола жүлдегері
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды