Бақытгүл Хаменова 7 жылға сотталды

 informburo.kz
Фото: informburo.kz

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова 7 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz

Бүгін Атырау олысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы қайта жалғасты.

Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-блімінің 2-тармағымен (Ірі көлемде пара алу) кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сонымен қатар Бақытгүл Хаменова «Құрмет» орденінен айырылды.

Оқи отырыңыз