Жаңалықтар

Бақыт Жаңабаев президенттікке кандидат ретінде қабылданбады

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында мәлім болды
Бақыт Жаңабаев президенттікке кандидат ретінде қабылданбады
Фото: El.kz 21.10.2022 18:32 1657

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының 21-ші отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz

“Бақыт Жаңабаев Президенттікке кандидаттыққа жинау керек 118,8 мың қолдың 58 880 қолын жинады”, - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина.

Бақыт Жаңабаев 2022 жылдың 3 қазан күні  “Қазақстан футбол әуесқойлары” лигасының атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды. Орталық сайлау комиссияның қорытындысы бойынша Бақыт Жаңабаев ҚР президентікке кандидат ретінде қабылданудан бас тартылды. Бұл туралы арнайы қаулыға қол қойылып, хаттама толтырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға