Бақдәулет Әкімжан еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.08.2024 02:26
783

Фото: olympic.kz
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.
Еркін күрестен 65 келі салмақта сынға түскен Бақдәулет кіші финалда грузиялық балуаннан басым түсті.
Бұл - аталған сында еркін күрес шеберлері жеңіп алған алғашқы жүлде.
Грек-рим күресінің өкілдері 2 күміс, әйелдер күресінің өкілдері 3 қола медаль еншілеген болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Талғарда әйел адам ағысы қатты каналға секіремін деп көз жұмды
Келесі жаңалық
Қазақстан Минскіде өткен «Мықтылар кубогында» қола алды