Жаңалықтар

Бәпи Бас прокурорға: Боранбаевтың Латвия мен Еуропа елдеріндегі байлығын неге тексермейсіңдер?

Бәпи Бас прокурорға:  Боранбаевтың Латвия мен Еуропа елдеріндегі байлығын неге тексермейсіңдер?
Фото: t.me/mazhilis_kz 26.04.2023 12:02 1094

Депутат Ермұрат Бәпи Мәжілістің жалпы отырысында бас прокурорға «Жаңа Қазақстан» идеясы арасында қарама-қайшылық болып тұрғанын айтып, сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі 

Оның айтуынша, еліміздің байлығын игеру ісінде биліктің ескі жүйесі мен ұлттық табысты қайта бөлудің бұрынғы тәжірибесін тоқтататын кез келді деп, бастама көтерген «Жаңа Қазақстан» идеясы арасында қарама-қайшылық болып тұр.

Олигархиялық кланды биліктен түпкілікті кетіруді, ұрланған байлықты қайтаруды және экономиканы ел мен халықтың әлеуметтік қажеттіліктеріне қызмет етуге жұмылдыруды талап еткен Қаңтар оқиғасы ескі биліктің зардабынан пайда болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғам мен билік арасында жаңа қарым-қатынас орнату әрекеті олардың мүдделеріне сай келмеді, – дейді депутат.

Сондай-ақ депутат Боранбаев жуықта жеңіл-желпі баптармен сотталғанын бірақ оған қатысты өте ірі істер қалтарыс қалғанын айтты.

Тиісті органдар Боранбаевтың Латвия мен Еуропа елдеріндегі қызметін, оның отбасы мен компанияларына жазылған активтерді неге тексермеді? Боранбаевтың келіншегі өз атына жазылған бизнес-ұшақты сатып жібергені сіздерге белгілі ме? Маман-эксперттердің айтуына қарағанда, бұл ұшақтың нарықтағы құны 30 миллион долларға дейін бағаланады. Ол әйел мұндай сомадағы ақшаға қалай ие болуы мүмкін? «Қазақмыс» компаниясы қазақ халқына тиесілі қазба байлықтың 30 пайызына қалай ие болды?, – Бәпи.

Депутат сол сияқты, құрамында назарбаевтық кланның үлесі бар «Еуразиялық топ» халықтық байлықтың 40 пайызын қалай иемденіп кеткенін сұрады.

Аталған осы екі компания соңғы он жыл көлемінде қазынаға қанша салық төледі? қадағалауы тиіс «Самұрық-Қазына» ұлттық қоры капиталды қайтару тақырыбында қандай әрекеттер жасап жатыр? Осы сұрақтарға байланысты үкіметтік түсініктеме жауапты жазбаша түрде қайыруыңызды сұраймын, – дейді  ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға