Жаңалықтар

Банктегі қарызын үш ай төлемегендерге несие берілмейді

Банктегі қарызын үш ай төлемегендерге несие берілмейді
Фото: El.kz 24.03.2023 14:51 712

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк алдындағы қарызын 90 күннен аса төлемеген азаматтарға несие беруге тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Банктік қарыз немесе микрокредит бойынша мерзімі өткен берешегі күнтізбелік 90 күннен асатын жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз беруге тыйым салынады», - деп жазылған «Ашық» НҚА порталында жарияланған жобада.

Агенттік түсіндірмесіне сәйкес, мұндай бастама қазақстандықтардың көп қарыздануының алдын алуға бағытталған.

«Азаматтардың борыштық жүктемесінің одан әрі өсу тәуекелдерін болдырмау үшін екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздары бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын тұлғаларға тұтыну қарыздарын беруді шектеу ұсынылады. Бұл ретте проблемалық берешектің өсуін шектеу және қолданыстағы қарыздар бойынша қарыз алушылардың борыштық жүктемесін төмендету мақсатында қарыз алушылардың берешекті қайта қаржыландыруға, оның ішінде неғұрлым тиімді шарттарда құқығын сақтау қажет», - деп түсіндірме берілген.

Айта кетсек, қолданыстағы заңнамада мұндай шектеу жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға