Жаңалықтар

Банкроттыққа 2,5 мыңға жуық қазақстандық өтінім берді

Банкроттыққа 2,5 мыңға жуық қазақстандық өтінім берді
Фото: notariusmsk.com 04.03.2023 11:10 952

Банкрот атанғысы келген қазақстандықтарға қатысты соңғы мәлімет жарияланды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"3 наурызда азаматтардан банкроттық туралы өтініш қабылдау басталды. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша банкроттық туралы соттан тыс 1 469 өтініш келіп түсті. Оның ішінде eGov арқылы 1 399, ал e-Salyq Azamat арқылы 70 өтінім бар. Алғашқы өтініш электронды үкімет порталы арқылы Жамбыл облысынан сағат 09:05-те келді", - делінген хабарламада.

Кірістер комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес, кешкі сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ел аумағынан 2 466 өтініш түскен.

Банкроттыққа өтініш беру бойынша көш басында Түркістан облысы тұр (289 өтініш). Одан әрі 238 өтінішпен Алматы қаласы, үшінші орынға Алматы облысы (227 өтініш) орналасқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға