Жаңалықтар

Банкрот болған қазақстандықтардың жүздеген млн қарызы кешірілді

Банкрот болған қазақстандықтардың жүздеген млн қарызы кешірілді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 05.09.2023 18:36 642

Жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттыққа өтініштерін қабылдау 2023 жылдың 3 наурызында басталды. Жарты жылдан соң 4 қыркүйекте банкрот мәртебесін алғашқы 302 қазақстандық алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір банкрот жариялауға өтініш бергендер бойынша жалпы берешек сомасы – шамамен 708,5 млн теңге. Бір адамға орта есеппен 2,3 млн теңгеден сәл көп, – делінген хабарламада.

"Бірінші кредиттік бюро" мәліметіне сәйкес, берешектің ең жоғары сомасы – 106,5 млн теңге, ал ең төмен сомасы – 48,5 мың теңге. Ең көп банкрот – Алматыда. 51 алматылық банкрот жариялады. Қарағанды облысында 34 және Алматы облысында 24 адам. Республиканың барлық аймағында банкроттар бар. Ең аз банкрот СҚО-да, үш-ақ адам және ШҚО бойынша төрт адам.

Берешектің ең жоғары орташа сомасы – сегіз миллион теңге, Батыс Қазақстан облысында. Берешектің ең төменгі орташа сомасы – Түркістан (883 мың теңге) және Абай (999 мың теңге) облыстарында.

Банкрот мәртебесін алған ең үлкен қазақстандық 64 жаста. Ең жасы 23 жаста.

Айта кетейік, барлығы соттан тыс банкроттыққа 64,6 мың өтініш берілді. 51,4 мың адамға бас тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға