Жаңалықтар

Банк қызметкерлерінің атынан хабарласады: 36 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды

Банк қызметкерлерінің атынан хабарласады: 36 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 17.07.2023 13:00 682

Бүгінгі таңда кибер қылмыс, оның ішінде телефон және интернет алаяқтық өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы  Жандос Сүйінбай айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, мұндай қылмыстарға қарсы тұрақты түрде іс-қимыл шараларын қабылдауда.  

Бірінші кезекте БАҚ-та белсенді ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан бері ақпараттық кеңістікте 7,5 мыңға жуық ақпарат жарияланды. Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында кибер қылмыстарға қарсы іс-қимыл парақшасы ашылды. Қаржы нарығын реттеу, дамыту агенттігінде fingramota.kz сайты ашылды. Онда интернет алаяқтық жасау тәсілдерін сипаттайтын айдар, олардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар жарияланған, - деді ол.

Сонымен қатар, Цифрлық даму иннофациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірге банк қызметкерлерінің атынан жалған нөмірлердің телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу мәселесі шешілгенін айтты.

Барлық ұялы телефон операторлар, антифрот, алаяқтан қорғану жүйесін енгізді. Нәтижесінде 36 млн алаяқтық қоңыраулар бұғатталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде интернет алаяқтықты тіркеу бір жарым пайызға төмендеуі байқалды. Жалған нөмірлерден телефон арқылы жасалынатын алаяқтық 34 пайызға төмендеді, - деді Жандос Сүйінбай.  

Бұған дейін Қостанайда «CyberPol» қызметкерлері тұрғындарды 80 млн теңгеге сан соқтырған алаяқты анықтағанын жаздық

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға