Жаңалықтар

Балық шаруашылығы комитетінің басшысына қатысты пара алу бойынша тергеу жүргізілуде

Балық шаруашылығы комитетінің басшысына қатысты пара алу бойынша тергеу жүргізілуде
Фото: Видеодан кадр 10.04.2024 13:21 313

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаровтың қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз брифинг өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Агенттіктің негізгі бастамасының бірі - жемқорлықтың алдын алу. Ол жүйелі сыбайлас жемқорлық және жоғары лауазымды тұлғаларды әшкерелеу және жолын кесу бойынша жұмыс жалғасып жатқанын айтты.

Агенттік ауыл шаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ол 2021 жылдан бастап 2024 жылдың ақпаны аралығында компаниялар қызметіне жалпы қамқорлығы үшін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі негізде пара алу бойынша күдікті. Тергеу соты күдіктіге қатысты электронды білезікті қолдана отырып үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол кінәсін толық мойындап, тергеуге көмектесуде. Қазіргі уақытта басқа адамдардың қатыстылығы тексеріліп жатыр, тергеу жалғасуда, - деді агенттіктің ресми өкілі.

Сонымен қатар ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ҚР Қарулы күштері әскер инфрақұрылымының бас басқармасының күрделі жұмыс басқармасының бастығын ұстағанын тілге тиек етті.

Ол қарулы күштердің қажеттіліктері үшін модульді ғимараттарды қабылдау-тапсыру актілеріне қол қою кезінде пара берушінің мүдделерін жалпы қамқорлығы мен лоббизмі үшін қосалқы мердігер ұйымдардың өкілдерінен аса ірі мөлшерде пара бопсалау бойынша күдікті. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға